«Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 9 тамыз 2012 жылғы № 925 қаулысына сәйкес құрылды.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 133-бабы негізінде құрылған және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11 маусым 2007 жылы бекітілген № 483 қаулысы бойынша жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін республикалық мемлекеттік кәсіпорындар тізіміне енгізілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 925 қаулысының 3-тармағына және Кәсіпорын Жарғысының 12-тармағына сәйкес кәсіпорын қызметі бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы:
1) бұқаралық ақпарат құралдары саласына бағытталған заңнаманың сақталуына техникалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық іс-шараларды сүйемелдеу;
2) мемлекеттік ақпараттық саясатты ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері;
3) отандық ақпарат кеңістігінің бәсекелестігін көтеруге бағытталған талдаулық процестерді қолдау;
4) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық – талдаулық жұмыс болып табылады.
Кәсіпорынның алға қойылған міндеттерінің орындалу тәртібі мен техникалық талаптары жыл сайын тиісті саланың уәкілетті органының тиісті шартта мемлекеттік тапсырманы орындау бойынша қызмет көрсету жөніндегі бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу арқылы анықталады.
Қазіргі уақытта Кәсіпорын бұқаралық ақпарат құралдары саласында заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау функцияларының ақпарат саласын (Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, бұдан әрі – Министрлік) қамтамасыз ететін уәкілетті орган.